USD
USD
USD

Қазақстандағы «ең бай» зейнеткер ай сайын 742 692 теңге алады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы мөлшерін жариялады.

Зейнеткер
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. 2023 жылы БЖЗҚ салымшыларына 591,3 миллиард теңге төлеген. Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделу мақсатындағы біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) - 284 миллиард теңге болса, жасына байланысты төлемдер – 150,6 миллиард теңге, сақтандыру ұйымдарына аударымдар - 54 миллиард теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 52,6 миллиард теңге, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер - 39,8 миллиард теңге, жерлеуге берілетін төлемдер - 7,5 миллиард теңге және мүгедектік бойынша төлемдер - 2,8 миллиард теңге.

Зейнет жасына толуға байланысты БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы - 32 202 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы - 742 692 теңге. Еске салайық, былтырғы сәйкес кезеңіндегі БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы – 29 973 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 742 692 теңге болды.

2024 жылғы 1 қаңтарға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 17,9 триллион теңге зейнетақы жинақтары болған. 2023 жылы жинақ сомасы 3,2 триллион теңгеге немесе 21,8 пайызға ұлғайғаны айтылды.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 12,3 миллионға жеткен.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Шерзат Болат

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

.

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

Төрәлі Қыдыр

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр

Тұрғын үй