Референдум Референдум
USD
USD
USD

Қазақстандағы автокөлік өндірісінің жаңа кезеңі

ТОО «KIA Qazaqstan» – Қазақстандағы KIA брендімен жеңіл автокөліктер өндіретін жетекші кәсіпорындардың бірі – елдің индустриялық дамуына серпін беретін ауқымды инвестициялық жобаны іске асыруда.

Зауыт
Фото: KIA

Жоба аясында жылына 70 000-нан астам автокөлік шығаратын толық циклді (CKD) зауыт салу көзделген. Жалпы жобаның құны 131,5 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 116,5 млрд теңге – KIA компаниясының тікелей инвестициялары. Өндіріс 2025 жылдың қазан айында іске қосылады деп жоспарланған.

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 1 500 жаңа жұмыс орны ашылады, бұл өңірдегі жұмыспен қамтуды арттырып, жергілікті өндірістік тізбектерді дамытуға жол ашады.

Автопром
Фото: KIA

Аталған жоба Мемлекет Басшысының тапсырмасымен қалыптастырылған 17 ірі индустриялық бастаманың бірі болып табылады. Оның негізгі мақсаты – отандық өндірісті кеңейту, заманауи технологияларды енгізу және Қазақстанды Орталық Азиядағы автокөлік өндірісінің маңызды орталығына айналдыру.

KIA Qazaqstan зауыты технологиялық дамудың символына айналып, халықаралық бизнес пен мемлекеттік индустриялық саясаттың тиімді серіктестігінің жарқын үлгісі болмақ.

Қазір оқып жатыр

ІІМ референдум қарсаңында ел тұрғындарына үндеу жасады

полиция есертеді

Жеңілдетілген ипотекаларға қарамастан, Қазақстанда баспана алу қиындай түскен

баспана

Түркістанда фельдшерлердің мәселесін көтерген азамат психиатриялық есепке заңсыз қойылған ба?

Аурухана

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

 Республикалық ТКШ Альянсы