USD
USD
USD

Қазақстандағы ақылы жол тарифі шетелмен салыстырғанда 15–40 есе төмен

​Қазақстандағы ақылы автомобиль жолдарымен жүру құны бірқатар елмен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Алдын ала төлем жасаған жағдайда жеңіл автокөлікпен 100 шақырым жүрудің орташа құны шамамен 207 теңгені құрайды.

Ақылы жолдар
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, Қазақстандағы тариф Ресей, Түркия, Қытай, Франция және Жапониядағы ұқсас ақылы бағыттармен салыстырғанда шамамен 15–40 есе төмен.

Мәселен, жеңіл автокөлікпен 100 шақырым жүрудің шамамен есептелген құны:

  • Қытайда – 3,2–4,2 мың теңге;
  • Түркияда – 3,4 мың теңге;
  • Ресейде – 4,4 мың теңге;
  • Францияда – 7,1 мың теңге;
  • Жапонияда – 8,4 мың теңге.

Компания тарифтің қолжетімді болуы жол сапасына қойылатын талапты төмендетпейтінін атап өтті.

«Жекелеген учаскелердің жай-күйіне қатысты жүргізушілер тарапынан айтылатын сын-ескертпелер орынды. Жолдағы шұңқырлар, ойықтар мен басқа да зақымдарды тарифтің төмендігімен ақтауға болмайды. Егер анықталған ақаулар көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен үздіксіздігіне әсер етсе, тиісті жол бөлігі кемшіліктер толық жойылғанға дейін ақылы шақырым есебінен алынып тасталады», – деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».

Жеңіл көліктер қанша төлейді?

Қазақстанда І техникалық санаттағы 13 ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 2865,6 шақырымды құрайды.

Бұл жолдарда жеңіл автокөлікпен 100 шақырым жүрудің орташа құны:

  • алдын ала төлем жасағанда – шамамен 207 теңге;
  • кейін төлегенде – шамамен 235 теңге.

ІІ және ІІІ техникалық санаттағы ақылы жолдарда жеңіл автокөліктерден төлем алынбайды.

Тариф жолдың ұзындығына, техникалық санатына, көлік түріне және төлем тәсіліне қарай есептеледі. Жеке шотын алдын ала толықтырған жүргізушілерге төмендетілген тариф қолданылады.

Жүк көліктері қанша төлейді?

Жүк және коммерциялық жолаушылар көлігі үшін төлем көліктің жүк көтергіштігіне қарай белгіленеді.

І санаттағы жолдарда алдын ала төлем жасаған кезде 100 шақырымға арналған тариф:

  • 2,5 тоннаға дейін – 800 теңге;
  • 5,5 тоннаға дейін – 1500 теңге;
  • 10 тоннаға дейін – 2200 теңге;
  • 10–15 тонна аралығында – 3000 теңге;
  • 15 тоннадан жоғары – 3700 теңге.

Кейін төлеген жағдайда тариф 900 теңгеден 4400 теңгеге дейін жетеді.

ІІ–ІІІ санаттағы жолдарда жүк көліктері алдын ала төлем кезінде 600–3100 теңге, ал кейін төлегенде 700–3700 теңге аралығында ақы төлейді.

Ақылы жолдардан жиналған қаражат жолдарды жөндеуге және күтіп ұстауға, арнайы техника сатып алуға, жол белгілері мен таңбаларын жаңартуға, қысқы жұмыстарға және қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға жұмсалады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды

Теміржол апаттар медицинасы госпиталі

Ақтауда автогаз құю бекеттеріндегі кезек азайды

Ақтау

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

Абылай Мырзахметов

Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы дебюттік голын соқты

.