USD
USD
USD

Қазақстанда жүргізуші куәлігін көрсету міндетті болмайды

Парамент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

Қазақстанда жүргізуші куәлігін көрсету міндетті болмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Заң жобасында жүргізушілердің Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу құжаттарын өзімен бірге алып жүрмегені үшін әкімшілік жауапкершілікті алып тастауды қарастырып отыр. Алайда жүргізушілер өзімен бірге жеке куәлігін алып жүруге мндетті болады. Бұл түзетулер шетел жүргізушілері мен шетелдік көлік құралдарына қолданылмайды.

«Жол жүрісі қауіпсіздігін күшейту мақсатында заң жобасында 2022 жылдан бастап аталған норманы қолданысқа енгізе отырып, 10 жылдан асқан автобустарды бастапқы тіркеуге тыйым салу арқылы оларды пайдалану мерзімі бойынша шектеу енгізу көзделіп отыр», - деді Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов.

Бұл ретте бұрын Қазақстанда тіркелген және жолаушыларды, оның ішінде ауылдық жерлерде жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын автобустарды пайдалану шектелмейді.

Осы норманы енгізу жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ қолданыстағы автобустар паркін біртіндеп жаңартып, экологиялық жағдайға оң әсер етеді.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт