Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстанда жұмыс істегісі келмейтін 63 мың адам бар

Жұмыссыз жүрсе де оны іздемеген немесе жұмысқа кірісуге дайын болмаған потенциалды жұмыс күші саны 63,1 мыңды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда жұмыс істегісі келмейтін 63 мың адам бар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2022 жылы I тоқсанда Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында 8,8 млн адам жұмыспен қамтылды. Олардың 6,7 млн-ы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,1%) жалдамалы қызметкер болса, 2,1 млн адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 23,9%) өзін-өзі жұмыспен қамтушылар.

Жалпы жұмыспен қамту 2021 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 35,1 мың адамға, соның ішінде жалдамалы қызметкерлер есебінен 30,8 мың адамға өсті.

Толық жұмыспен қамтылмағандар саны 254 мың адамды құрады. Қызметкерлердің бұл санатына жұмыс көлемінің төмендеуіне, жұмыс берушінің бастамасы бойынша, сырғымалы жұмыс кестесіне және басқа да себептермен аз жұмыс істегендер кіреді.

Жұмыссыздар саны (ХЕҰ әдістемесі бойынша) –453,1 мың адам. Жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз қалды – 4,9%. Жұмыссыз жүрсе де оны іздемеген немесе жұмысқа кірісуге дайын болмаған адамдар (потенциалды жұмыс күші) саны 63,1 мыңды құрады.

15-28 жастағылар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,9%, NEET жастарының жұмыссыздығы, яғни білім алумен немесе кәсіби даярлықпен айналыспайтын жастардың үлесі – 6,7%.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2022 жылғы сәуір айының соңына 193 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Олар жұмыс күшінің 2,1%-ын құрады.

Қазір оқып жатыр

Көрерменге кімнің сөзі өтімді болды? Теледебаттағы дауыс беру қорытындысы шықты

.

«Экономикалық романтиктер»: Respublica ЖСДП-ның сынына жауап берді

.

eGov-тағы 15 млн адамның дерегі darknet-ке тарады ма? Министрлік жауап берді

Комп

Бозымбаев: Қарағанды облысы жылыту маусымына 15 қыркүйекке дейін дайын болуы тиіс

.