USD
USD
USD

Қазақстанда жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары енгізілді

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын өз қаражаты есебінен 2024 жыл мен 2028 жыл аралығында 1,5% - дан 5% - ға дейін кезең-кезеңімен жұмыскерлерінің пайдасына аудару басталды. Осылайша, зейнеткерлікке шыққан кезде бұл жұмыскерлер қосымша жинақтаушы зейнетақы төлемімен қамтамасыз етілетін болады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Қазақстанда жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары енгізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл шара жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған. Өйткені зейнетақы мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болады. Олардың зейнетақысы үш компоненттен: мемлекеттен базалық зейнетақы, жинақтаушы зейнетақы – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар есебінен және шартты-жинақтаушы зейнетақы – жұмыс берушілердің жарналары есебінен құралады.

ЖМЗЖ енгізу, әсіресе, ынтымақты өтілі жоқ (1998 жылға дейін) немесе ынтымақты жүйедегі өтілі аз азаматтар үшін өзекті.

Осылайша, әлемдік тәжірибені ескере отырып, азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің қатысуымен ортақ жауапкершілік болады.

Салық кодексіне сәйкес, салық салынатын табыстан шегерімге жатқызылғандықтан, тиісінше жұмыс берушінің ЖМЗЖ төлеу бойынша шығыстары елеусіз деңгейде қалатынын атап өту қажет.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

Құрбан айт

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар

Депутат Қазақстанда тағы бір тілді ресми тіл ретінде тануды ұсынды

 Екатерина Смолякова

Брокер орташа табысы бар отбасыларға тиімді үш ипотекалық бағдарламаны атады

.