USD
USD
USD

Қазақстанда жылқы саны көбейді

2020 жылдың 7 айының қорытындысында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1,7 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты.

Қазақстанда жылқы саны көбейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2,5 пайызға ұлғайып, 1,7 трлн теңгені құрады. Бұл өсім негізінен мал шаруашылығында өндіріс көлемінің 2,6, оның ішінде тірі салмақта еттің 3,6, сүттің 3 пайызға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді», - деді ол. Министрдің айтуынша, облыстар бөлісінде республикалық деңгейден жоғары қарқын Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында байқалып отыр. «6 айдың қорытындысында ірі қара мал саны 4,5, қой саны 2,5, жылқы саны 8,5, түйе саны 4, шошқа саны 0,7 пайызға өсті», – деді Сапархан Омаров.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай