USD
USD
USD

Қазақстанда жеке құжаттың қағаз көшірмесін жасауға тыйым салынады

Қазақстанда жеке куәліктің қағазкөшірмелерін жасауға және жинауға тыйым салу жоспарлануда. Тиісті заң жобасын Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады.

Қазақстанда жеке құжаттың қағаз көшірмесін жасауға тыйым салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Мәлік Олжабеков жалпы алғанда, жеке куәліктердің көшірмелерін жинау қажет емес екенін алға тартты.

"Біздің ойымызша, жалпы алғанда, жеке куәліктің өзінен-ақ қажетті деректерді көшірмесіз жазып алуға болады", - деді ол. 

Осы тұста Қарақат Әбден мәжілістегі "Ақпараттық қауіпсіздік туралы" заң жобасын қарау барысында интернетке қатысты мәселелері бар өңірлер мен ауылдық жерлерде бұл қаншалықты орынды екенін сұрады.

Министр интернет байланысы болмаған жағдайларда ерекшеліктер қарастырылғанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, елімізде 1432 ауыл интернетке қосылмаған. Оның ішінде 504 ауыл 2023-2024 жылдары спутниктік интернетке қосылады. Қалған 928 ауыл 2024-2027 жылдары талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы желіге қосылады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты