1 Маусым 18:18
...

Қазақстанда жазғы лагерлердің 65%-ы жұмыс жасайтын болады

Фото:
Қазақстанда жазғы лагерьлердің 65% жұмыс жасайтын болады

, деп мәлімдеді білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина.
Алматы, NEGE. «Балаларға арналған сауықтыру лагерьлері, орталықтар, кешендер, қала маңындағы лагерьлер қызметін жандандыру шешімі санитарлық нормаларды сақтау шартымен жергілікті атқару органдары тарапынан қабылданады. Бізге белгілісі, бүгінде балалар лагерьлері 8 маусымнан бастап екі өңірде, 15 маусымнан бастап 12 өңірде, ал 20 маусымнан бастап тағы екі өңірде ашылады. Алматыда мектеп жанындағы және қала сыртындағы балалар лагерьлері ұйымдастырылмайтыны туралы шешім қабылданды. Алдын ала мәліметтер бойынша 12 154 лагерьлердің ішінде тек 65%-ы ғана жұмыс істейді», - деді Овечкина дүйсенбідегі брифингте. Ал лагерьге бара алмайтындар үшін мектептен тыс ұйымдардың жұмыстары күшейтілген, соның ішінде онлайн-форматтағы да.
«Мәселен 1222 аула клубы жұмыс жасауға дайын, 9 мыңға жуық жазғы онлайн-мектептер ашылады (тіл үйрету, көшбасшылық мектептер, пікір-талас клубтары), жаз бойы онлайн-мектеп жұмысы және ЖОО базасындағы курстар аясында 21 мыңнан астам клубтар мен үйірмелер жұмыс жасайтын болады», - деді Овечкина.

Тегтер: