USD
USD
USD

Қазақстанда жарты миллионнан астам адам зейнетақы жинағын алуға өтінім берген

Баспана жағдайын жақсартып, емделуге зейнетақы жинағын алғандар саны белгілі болды.

Қазақстанда жарты миллионнан астам адам зейнетақы жинағын алуға өтінім берген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 20 мамырдағы соңғы мәліметке сенсек, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына уәкілетті операторлардан тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы жинағын аударуға 521 907 (қабылданбағаны – 238 790) өтініш, емделуге 8 152 (қабылданбағаны – 2 635) өтініш келіп түсті.

Инвестициялық портфельді басқарушыларға аударуға 2 030 (қабылданбағаны – 366) өтініш келіп түсті. Өтінімдердің қабылданбауының себептері:

1. Сома дұрыс көрсетілмеген, оның ішінде зейнетақы жинағының сомасы артық көрсетілген.

2. Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға сұраныс жасалатын сомалар дұрыс көрсетілмеген.

3. Салымшылар алуға болатын сома шегінде емес, зейнетақы жинағының бүкіл сомасын көрсетті.

4. Өтінімде өзекті емес сома көрсетілген, яғни салымшылар инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты зейнетақы жинақтары сомасындағы өзгерістерді ескермеген.

5. «БЖЗҚ» АҚ деректер базасында жеке зейнетақы шоттары және тиісінше зейнетақы жинақтары жоқ тұлғалардан да өтінімдер түскен. 6. Салымшылар қайталайтын өтінімдер берген.

Қазір оқып жатыр

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық

Экс-депутат Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Татьяна Савельева

Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі қарастырылуда – Энергетика министрлігі

Ерлан Ақкенженов

Атырау МӨЗ-дегі шығарындылар дауы: кәсіпорын не дейді?

мұнай өңдеу