USD
USD
USD

Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке шақырғандарға жауапкершілік күшейтіледі

Сенат Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне енгізілген түзетулерді мақұлдады.

Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке шақырғандарға жауапкершілік күшейтіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін Сенат отырысында қылмыстық сот төрелігі саласындағы мәселелерге қатысты түзетулерді Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов хабарлады.

Осы орайда мыналар үшін санкцияларды күшейту көзделген:

– жаппай тәртіпсіздіктерге шақыру (ҚК 272-бабының 1-бөлігі, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру), оның ішінде телекоммуникация желілерін пайдалана отырып (ҚК 272-бабының 2-бөлігі, құқық бұзушылықтың жаңа құрамы-3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру) шақыру.

– қылмыстық топ құрамында жасалған бұзақылық (ҚК 293-бабының 3-бөлігінен 4-бөлігіне, 5-тен 7-жылға дейін бас бостандығынан айыру).

«Қылмыстық топтың құрамында жасалған кісі өлтіру мен бандитизм үшін санкциялар күшейтіледі. Мұндай адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігін болдырмау көзделіп отыр», - деді министр.

Қазір оқып жатыр

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

сот шешімі

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Денсаулық

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты

Нұрсұлтан Назарбаев

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты

Баян Алагөзова