USD
USD
USD

Қазақстанда жаңадан екі банк құрылуы мүмкін

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, екі микроқаржы ұйымы екінші деңгейлі банк болып құрылуға ниет білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанда жаңадан екі банк құрылуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қаржы ұйымдарының екінші деңгейлі банкке айналуы мүмкін екенін Агенттік төрайымы Мәжіліс кулуарында айтты.

"Бізде екінші деңгейлі банктерге айналдыруға ниет білдірген екі ірі микроқаржы ұйымы бар. Олар  – KMF және Solva қаржылық ұйымдары. Олардың портфелі бар, капиталдың жеткіліктілік деңгейі олардың банкке айналуына мүмкіндік береді. Өткен жылы тиісті заңнамалық түзетулер енгізілген. Ол микроқаржы ұйымының лицензиясынан өтпей-ақ өзгертуге мүмкіндік беретін құжаттар қабылданды, өтініш беріп, конвертация жүргізіп,банк лицензиясын алуға болады", - деді Мәдина Әбілқасымова. 

Ол жаңа банктерді ашу талаптарын ырықтандыру мақсатында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк жүйесі туралы заңнамаға түзетулер дайындағанын айтты.

"Осы түзетулер қабылданғаннан кейін екінші деңгейлі банктерді ашуға ниет білдіретіндер көбейеді деп сенеміз", - деді Мәдина Әбілқасымова.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе