USD
USD
USD

Қазақстанда Жаңа жыл кештерін өткізуге рұқсат бере ме?

 ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Azattyq Rýhy порталына берген сұхбатында алдағы Жаңа жыл мерекесін көпшілікпен тойлау мүмкіндігі туралы пікір білдірді. 

Қазақстанда Жаңа жыл кештерін өткізуге рұқсат бере ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Дәл қазір аймақтың эпидемиологиялық мәртебесіне қарай шектеулер бар. Біз бүгінде түрлі шараларды ашуға рұқсат бердік. Ол үшін азаматтардың «жасыл» мәртебесі болуы керек. Шара өтетін мекемелердің ұжымын да, шараға қатысушы азаматтарды да қорғау үшін осындай шарт қойылып отыр. Біздің міндетіміз – әлеуметтік байланыстарды да, экономиканы да кезең-кезеңмен ашу және кеңейту. Сондықтан, Ashyq жүйесі арқылы жолға қойылған тетік бар. Осы бойынша біртіндеп шектеу шараларын жеңілдете беруді жоспарлап отырмыз», - деген министр Жаңа жыл қарсаңындағы корпоративтік кештерді өткізуге теориялық тұрғыда мүмкіндік бар екенін атады. «Теориялық тұрғыда бұл – мүмкін. Қазір 50 адамға дейін қоғамдық жиындар мен шаралар өткізуге рұқсат беріліп отыр. Яғни, қазірдің өзінде ол мүмкін», - деп жауап берді ол журналист сауалына.  

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон