USD
USD
USD

Қазақстанда жаңа ұлттық парк құрылды

Қазақстанда жаңа ұлттық парк құрылды. Бұл туралы ҚР Экология министрі Серікқали Брекешев Twitter-дегі парақшасында жазды.

Қазақстанда жаңа ұлттық парк құрылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомство сайтының хабарлауынша, 7 желтоқсан күні ҚР Үкіметінің № 867 қаулысына сәйкес Қазақстанда «Ұлытау» ұлттық паркі құрылған.

«Ұлытау» ұлттық паркі ҚР Президентінің тапсырмасы аясында құрылып отыр. Парк Қарағанды өңірінде орналасатын болады, оның аумағы 58,9 мың гектарды құрайды. Парктің мақсаты – ерекше экологиялық әрі ғылыми құндылыққа ие мемлекеттік табиғи кешендердегі биологиялық және ландшафтық саналуандықты сақтау және қорғау», делінген хабарламада.

«Ұлытау» ұлттық паркі – Қазақстандағы 14-ші мемлекеттік табиғи парк.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан