USD
USD
USD

Қазақстанда жаңа сейсмологиялық бақылау орталығы пайда болады

Қазақстанда «Сейсмология институты» мен «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» серіктестіктері біріктіріледі. Тиісінше, оған «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» атауы берілмек.

Қазақстанда жаңа сейсмологиялық бақылау орталығы пайда болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Заңнамада белгіленген тәртіппен «Сейсмология институты» ЖШС мен «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» ЖШС біріктіру жолымен жарғылық капиталында мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылсын», - делінген «Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысында.

Жаңа ұлттық ғылыми орталықтың негізгі қызмет бағыттары - күшті жер сілкіністерін ғылыми болжау, ірі елді мекендер мен стратегиялық объектілерде сейсмикалық қауіпті бағалау, сондай-ақ ел аумағында сейсмикалық қауіпті аймақтарында кешенді сейсмологиялық мониторинг жүргізу.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық