USD
USD
USD

Қазақстанда жаңа облыстар қалай құрылады?

Ұлттық экономика министрлігі Қазақстанда жаңа облыстар қалай құрылатынын айтты.

Қазақстанда жаңа облыстар қалай құрылады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желілерде елде құрылатын жаңа облыстардың картада көрсетілген бірнеше нұсқасы жүр.

Әлеуметтік желілерде елде құрылатын жаңа облыстардың картада көрсетілген бірнеше нұсқасы жүр.

"Құрылған комиссия әр облыс бойынша орналасу, көлік жолдары, әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық даму жағдайын жан-жақты зерттейді. Қазіргі уақытта облыстардың аумағы нақты қандай болатынын айту әлі ерте.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы" туралы заңға сәйкес жергілікті өкілді және атқарушы органдар осы мәселе бойынша үкіметке ұсыныс айтуы тиіс", - деді ведомстводағылар.

Ол үшін өңірлер әртүрлі деңгейдегі әкімдердің шешімдерін, әкімдіктердің қаулылары мен мәслихаттардың шешімдерін қабылдау мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-дайындық жұмыстарын жүргізуі, сондай-ақ "Ашық НҚА" порталында жария талқылау өткізуі қажет.

Ол үшін өңірлер әртүрлі деңгейдегі әкімдердің шешімдерін, әкімдіктердің қаулылары мен мәслихаттардың шешімдерін қабылдау мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-дайындық жұмыстарын жүргізуі, сондай-ақ "Ашық НҚА" порталында жария талқылау өткізуі қажет.

"Бүгінде министрлік үш облыс әкімдіктерінің өкілдерімен тығыз жұмыс істеп жатыр. Бұл процедуралар белгілі бір уақытты қажет етеді. Мемлекет басшысының Жарлығы дайындалып жатыр", - делінген Tengrinews.kz сауалына жауапта.

Бұған дейін Қазақстанда жаңа облыстар пайда болғаннан кейін ел әкімшілік түрде 20 аумаққа бөлінетіні белгілі болған: 17 облыс және республикалық маңызы бар үш қала.

Қазір оқып жатыр

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи