USD
USD
USD

Қазақстанда жаңа мейрам пайда болуы мүмкін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 1 ақпанды азаматтық авиация күні деп белгілеуді ұсынды.

Қазақстанда жаңа мейрам пайда болуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ашық үкімет порталында «ҚР мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Үкіметтің №689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы жаңа қаулы жария талқыға шығарылды.

«Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде: мынадай мазмұндағы тармақтармен толықтырылсын: Қазақстан Республикасының азаматтық авиация күні – 1 ақпан; Кеңес әскері шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні – 15 ақпан», - деп жазылған қаулы жобасында.

Индустрия министрлігінің мәліметінше, аталған бастаманы Қазақстан азаматтық авиация кәсіпорындарының бірлескен соғыс және еңбек ардагерлер кеңесі ұсынған.

Қазір оқып жатыр

«Қамтамасыз етуде мәселе жоқ»: «СК-Фармация» басшысы Әбеновтің мәлімдемесіне жауап берді

сапасы

Алматыда «Ұмай» ипотекасы дүрбелең туғызды: Отбасы банк себебін түсіндірді

кезекте тұрған әйелдер

Иран азаматы асқазанындағы 113 капсула апиынмен Қазақстан аумағына кірмек болған

Күдікті

«Ешқайсысына араша түспеймін»: Министр Ақтаудағы хирург пен ата-ана дауына қатысты пікір білдірді

Ақмарал Әлназарова