USD
USD
USD

Қазақстанда жаңа кәсіби мереке бекітілді

Қазақстанда 10 қарашада Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні аталып өтеді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі. 

Қазақстанда жаңа кәсіби мереке бекітілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» тиісті қаулыға қол қойды.

Осыған байланысты 17 мамырда аталып өтілетін Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні мерекесі Байланыс қызметкерлері күні болып өзгертілді.

Жаңа кәсіби мерекені бекітуге сала қызметкерлерін қолдау мақсатында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бастамашы болды. Бүгінде олардың жалпы саны 155 мыңнан астам адамды құрайды.

Цифрлық трансформация – қоғамның өмір сүру сапасын жақсартатын, еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ететін, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі факторлардың бірі. Ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие.

Биыл Қазақстан БҰҰ электрондық үкіметті дамыту жөніндегі рейтингінде (UN Global e-Government Development Index) 193 мемлекеттің ішінде 28-орынды иеленді. Атап айтқанда, «онлайн-қызметтер сапасының индексі» бойынша еліміз 8-орында.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазір оқып жатыр

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

.

Елордадағы Бас мешіт енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

.

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков