USD
USD
USD

Қазақстанда жаңа қала пайда болады

Алматы облысында Алатау қаласы құрылады. Облысқа қарасты Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына ауыстырылады. 

Қазақстанда жаңа қала пайда болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес Алматы облысы Іле ауданындағы Жетіген ауылын облыстық маңызы бар қала санатына жатқызу туралы шешім қабылдаймын. Облыстық маңызы бар қала», - делінген Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың қаулы жобасында.

Үкімет қаулысы 29 қарашаға дейін талқылауда болып, президенттің қарауына жіберілмек. Жарлыққа президент қол қойып, алғаш ресми жариялаған соң, қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, Жетіген ауылы Алматы қаласының орталығынан солтүстікке қарай 47 шақырымдай жерде орналасқан. 2009 жылғы санақ бойынша ауылда 15 мың адам тұрған.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар