USD
USD
USD

Қазақстанда жаңа аудан пайда болды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы жарлыққа қол қойды.

Қазақстанда жаңа аудан пайда болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Түркістан облысының құрамында әкімшілік орталығы Шорнақ ауылында орналасатын Сауран ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі Кентау қаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерін бөлу жолымен құрылсын.", - делінген Ақорда сайтында жарияланған құжат мәтінінде.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке қаулыны жүзеге асыру үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Айта кетейік, Түркістан облысы 2018 жылдың маусым айында қайта құрылды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер