Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау тәртібі күшіне енді

Бүгіннен бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау тәртібі күшіне енді.

Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау тәртібі күшіне енді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жалпыға бірдей декларацияның басты мақсаты – көлеңкелі экономикамен күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралды қалыптастыру әрі ел бюджетін толықтыру.

Жалпыға бірдей декларациялауға елдің әрбір азаматының өмірін жақсартудың көптеген мүмкіндігі кіреді. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялау жүйесінің алғашқы кезеңіне мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген жұбайлары кіреді. Декларацияны 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны тапсыруға міндетті адам 2020 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша барлық активі мен міндеттемелерін көрсетуі тиіс.

Бүгіннен бастап декларацияны жауапты мемлекеттік қызметті атқаратын адамдар және олардың жұбайлары, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар және олардың жұбайлары, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары тапсырады. Одан бөлек, бұл санатқа Конституциялық заңға, ҚР сайлау туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, ҚР банктері және банктік қызметі туралы, сақтандыру қызметі туралы заңдарға сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген адамдар да кіреді.

Қазір оқып жатыр

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф