USD
USD
USD

Қазақстанда зейнетақы мен зейнет жасы өсті

2022 жылы әйелдердің зейнетке шығу жасы көтеріледі, сонымен қатар зейнетақы мөлшері де артады

Қазақстанда зейнетақы мен зейнет жасы өсті
Фото: NEGE.kz

  Алматы, NEGE. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы 60,5 жасқа дейін өсті.

Былтыр қазақстандық әйелдер зейнеткерлікке 60 жастан шықса, биыл ол 60 жас 6 айға дейін көтерілді.

2027 жылға дейін әйелдердің зейнет жасы кезең-кезеңмен ұлғайып, 63 жасқа дейін жетеді. Осылайша ерлер де, әйелдер де құрметті демалысқа бір жаста шығады.

Зейнет жасы қалай өседі:

2022 жылдың 1 қаңтарынан — 60,5 жас;

2023 жылдың 1 қаңтарынан — 61 жас;

2024 жылдың 1 қаңтарынан — 61,5 жас;

2025 жылдың 1 қаңтарынан — 62 жас;

2026 жылдың 1 қаңтарынан — 62,5 жас;

2027 жылдың 1 қаңтарынан — 63 жас.

Жалпы Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы 2018 жылдан бастап көтеріліп келеді. Оған дейін ана-апаларымыз 58 жасында зейнеткерлікке шығатын.

Мәселен, ТМД елдері ішінде ең төменгі зейнет жасы Өзбекстанда екен. Көрші елде 25 жыл еңбек өтілі бар ерлер 60 жаста, ал әйелдер 20 жыл жұмыс істеп, зейнетке шыға алады.

Зейнетке кеш шығатындар – Армения азаматтары. Ол жақта ерлер 65 жастан, ал әйелдер 63 жастан зейнетақы ала бастайды. Бірақ барлығының еңбек өтілі  25 жылдан кем болмауы қажет.

Десе де Қазақстанда кейбір азаматтарға құрметті демалысқа ерте шығу мүмкіндігі берілген. Олар:бес және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер – 53 жас;

Семей ядролық сынақ полигонының төтенше және ең жоғары радиациялық қатер аймақтарында 1949 жылдың 29 тамызы мен 1963 жылдың 5 шілдесі аралығында кемінде бес жыл тұрған қазақстандықтар: ерлер – 50 жаста, әйелдер – 45 жаста.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net