Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстанда зейнет жасы 60-қа дейін төмендеуі мүмкін

Мәжіліс депутаттары қазақстандықтардың зейнеткерлікке шығу жасын қайта қарауды ұсынды.

Қазақстанда зейнет жасы 60-қа дейін төмендеуі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "ДДСҰ деректеріне сай, COVID-19 вирусының ерекшелігі сол – өлім жағдайының көпшілігі жасы 60-тан асқан адамдардың үлесіне тиеді", - деді депутат Айқын Коңыров.

2020 жылы қаңтар-тамыз аралығында қазақстандықтар арасында 110 981 өлім тіркелді, оның ішінде 78 637 адам (71% пайыздан астамы) 60-тан асқан адамдар. Мәжіліс депутатының сөзінше, жасы 60-тан асқан адамдар қосымша қауіпсіздік шараларын талап етеді.

"Халықтық коммунистер" фракциясы азаматтарымыздың зейнетке шығу жасын қайта қарауды ұсынады. 2013-ші жылы біз әйелдердің зейнетке шығу жасын көтеруге қатысты реформаны қолдамадық. Бүгін азаматтардың пікірлерін ескере отырып, әйелдер мен ерлер үшін зейнет жасын 60 жас деп белгілеуді ұсынамыз, - деді Қоңыров.

Депутаттардың пікірінше, бұл шара қарт адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жағдай жасап қана қоймай, еңбек нарығына да оң әсерін тигізеді.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында генератор ұрлағандар бір ауылды сусыз қалдырған

генератор ұрлығы

Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша айыпталушы сотта қысым көргенін мәлімдеді

Күдікті, Нұрай

Павлодар облысында кәріз құдығындағы алты адамның өлімі: үш күдікті ұсталды

Кісен

Тоқаев Колумбия жойқын жер сілкінісіне байланысты ел Президентіне көңіл айтты

жер сілкінісі