USD
USD
USD

Қазақстанда вакцинация паспорты жарамды елдер тізімі кеңейтілді

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясовтың Қазақстан Республикасында COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинация паспорттарын/сертификаттарын/анықтамаларын тануға қатысты жаңа қаулысы жарық көрді.

Қазақстанда вакцинация паспорты жарамды елдер тізімі кеңейтілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған қаулыға сәйкес, Қазақстанда вакцинация паспорты жарамды болатын елдердің тізімі біршама кеңейтілген.

«Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгілеріне сәйкес Аргентина Республикасында, Мажарстанда, Грузияда, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Канадада, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында, Перу Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Сербия Республикасында, Тунис Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, Таиландта, Түркия Республикасында, Черногория Республикасында, Чех Республикасында, Эстония Республикасында және Японияда берілген азаматтардың КВИ-ге қарсы вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын»,- делінген қаулы мәтінде.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе