USD
USD
USD

Қазақстанда вакцина шығаратын зауыт дайын тұр

Жамбыл облысында салынып жатқан вакцина шығаратын зауыт іске қосуға дайын. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.

Қазақстанда вакцина шығаратын зауыт дайын тұр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Осы уақытқа дейін зауытта жасалуы тиіс барлық жоспарлы жұмыс уақытылы жасалды. Яғни, монтаждау, жабдықтарды іске қосу және валидация шарасы да толығымен аяқталды. Сол сияқты бүгінде аталған зауыт қызметкерлері де толықтай оқудан өтті. Бір сөзбен айтқанда, бүгінде зауыт өндіріске толық дайын. Өткенге көз жүгіртсек, отандық вакцина алдымен 50 мың дозамен өндірілді, сәуір-шілде айларында оның көлемі 100 мыңға жетті. Ал тамыз айында Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында (БҚПҒЗИ) отандық QazVac-тың 650 мың дозасы өндірілді», - деді Е. Тоғжанов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Премьер-Министр орынбасарының мәлімдеуінше, қыркүйек айының соңына дейін отандық вакцинаны өндіру көлемі 750 мың дозаға дейін жетуі мүмкін.

«Бұл болашақ зауыт жұмысының қуаттылығын көрсетіп отыр. Алдағы уақытта біз ішкі сұранысты толық қамтамасыз етумен қатар, экспортқа да шыға аламыз», – дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда мемлекеттік мүлікті арзан бағаға сатуға тыйым салынды

Мемлекеттік мүлікті сату

Тоқаев пен Мирзиёев Түркістанда Өзбекстан басшысы тарту еткен мешітке барды

Мирзиёев, Тоқаев

Тоқаев Түркістан қаласына ұшып барды

Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі бесінші баласын дүниеге әкелді

Гүлайым Рахмонова