USD
USD
USD

Қазақстанда вакцина салдыру мерзімі туралы қаулыға өзгерістер енді

Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов вакциналау мерзімі туралы жаңа қаулыға қол қойды.

Қазақстанда вакцина салдыру мерзімі туралы қаулыға өзгерістер енді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құжатта Қазақстанда вакцинация 45 күн аралықта екі кезеңде жүргізілетіні жазылған. 

"Вакцинацияны екі кезеңмен жүргізеді: 0,5 миллилитр дозада I компонентпен, содан кейін вакцинация күнін есептемегенде 45 күннен кейін - 0,5 миллилитр дозада II компонентпен; бұл ретте кейбір жағдайларда егілушілердің өтінішінің негізінде 21 күннен 90 күн кезеңінде "Гам-КОВИД-Вак" вакцинасымен ІІ компонентпен вакцинациялау жүргізуге жол беріледі;", - делінген қаулыда.

Бұған дейін Қазақстанда "Спутник V" екінші компонентін егі мерзімі ұзартылған болатын. Бас санитария дәрігердің қаулысына сәйкес, екі дозаның арасы 45 күнге дейін ұлғайтылды (бұрын 21 күн болған), ал жалпы "Спутник V" екінші компонентін 90 күн ішінде салдыруға рұқсат берілді.

Кейін Цой вакцинаның екінші компонентін салдыру мерзімі неге өзгергенін түсіндірді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Ерсайын Нағаспаевты өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатты

Ерсайын Нағаспаев

Талғарда мүгедектігі бар балалардың ата-аналарынан паспорт үшін заңсыз ақша алған

қос азаматтық

Бектенов: мемлекеттік қызметшілер Aitu-ды пайдалануы керек

Олжас Бектенов

ДСМ ЭКО мен бедеулікті емдеуді күндізгі стационар қызметтерінің тізіміне енгізді

ЭКО