USD
USD
USD

Қазақстанда вакцина алмаған мекемелерді тексеру қалай жүргізіледі?

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова ұжымдарда вакциналау көреткіші қалай тексерілетінін айтты.

Қазақстанда вакцина алмаған мекемелерді тексеру қалай жүргізіледі?
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE.  "Жобалық кеңсе вакциналау картасының негізінде кәсіпорындардың тізімін жасайды. Оған жұмысшылардың саны 50 адамнан асатын және вакцинаның бірінші компонентін салдыру көрсеткіші 60 проценттен төмен ұжымдар кіреді. Осы тізім жергілікті атқарушы органға жіберіледі. Олар мониторингтік топты жіберіп, тексеру өткізеді", - деді Бейсенова. 

Оның айтуынша, мониторингтік топ тексерудің нәтижесін санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметіне жібереді.

"Біз болсақ, тиісті шара қабылдаймыз. Қазір министрліктің 47-ші бұйрығы шықты. Осы құжат 17 қазаннан бастап күшіне енеді. Сол күннен бастап тексерулер басталады", - деп атап өтті Бейсенова.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Cұлтан қаласы не себепті "қызыл аймақтан" шықпайтынын түсіндіріп берген болатын. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы