Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстанда үсік жүреді

«Қазгидромет» РМК-сы 3 маусым күні еліміздің өңірлеріндегі күн райына байланысты болжамын жариялады.

Қазақстанда үсік жүреді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 3 маусым күні Нұр-Сұлтанда кей уақытта найзағай ойнап, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 3 маусым күні күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 метрге жетеді.

Шымкентте таңертең және күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда найзағай, дауыл тұрад. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші облыстың шығысында және таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетіп, екпіні 25 м/с болады.

3 маусым күні түнде Ақмола облысының солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Көкшетауда найзағай, бұршақ жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Қызылорда облысының орталығында найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылордада түнде найзағай ойнайды, өрт қаупі сақталады. Семейде 3 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазір оқып жатыр

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф

Ертісбаев пен Бапи: ҚХП мен ЖСДП бұрынғы басшыларына қатысты даулы мәселелерге жауап берді

Ертісбаев пен Бәпи