USD
USD
USD

Қазақстанда үшінші вакцина 6 мамырдан бастап салынады

6 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан тұрғындары Sinopharm Қытай вакцинасын салдыра алады.

Қазақстанда үшінші вакцина 6 мамырдан бастап салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты.

«Қазір басқарма қоймаларына қытайлық Sinopharm өндірушісінің вакцинасы келді. Ертеңнен бастап осы вакцинаны егуге кірісеміз. Бұл вакцина осы өндіруші компанияның вакцинасын салдыруға ниет білдірушілер үшін таңдау-препараты»,  – деді Мұратов елорда әкімдігінің онлайн-брифингінде.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда вакцинациялау үшін үш вакцина барын мәлімдеген болатын. Олар – ресейлік Спутник V, қазақстандық QazVac және Hayat-Vax қытай технологиясымен өндірілген араб вакцинасы. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy