USD
USD
USD

Қазақстанда ұшаққа мінбес бұрын жолаушылардың салмағы өлшенетін болады

Air Astana 2021 жылдың 9-31 тамыз аралығында Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайларынан ішкі және халықаралық рейстермен ұшатын 18 жастан асқан әуе компаниясының жолаушыларына ерікті салмақ өлшеу ұсынылатынын мәлімдеді.

Қазақстанда ұшаққа мінбес бұрын жолаушылардың салмағы өлшенетін болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жолаушыларды ұшу алдындағы өлшеу әуе кемесінің теңгерімін орнату үшін статистикалық мәліметтерді жинау мақсатында Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл рәсімді қауымдастыққа мүше әуекомпаниялар әр бес жыл сайын жүргізеді.

Бақылау өлшеуі жолаушының жынысына қарай бөлінген арнайы белгіленген жерде ұшуға тіркелгеннен кейін жүзеге асады. Рәсім құпия ақпаратты жинауды қарастырмайды. Өлшеу рәсімінен өткен жолаушылар ұтылыссыз лотереяға қатысады.

Air Astana әуекомпаниясының билеттерінің бағасына салмақ өлшеу рәсімі әсер етпейтініне және тек ұшу қауіпсіздігін жақсарту мақсатында ғана жүзеге асырылатынына назар аударады.

Қазір оқып жатыр

Оралда екі жасөспірім тоғыз қабатты үйдің шатырынан құлап, қаза тапты

Көпөабатты тұрғын үй

Келер жылдан бастап МӘМС мәртебесі жоқ азаматтар да базалық медициналық көмек ала алады

Дәрігер мен пациент

Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болған онлайн-казиноларды ұйымдастырғандар сотталды

Күдіктілер

Үш жылдан кейін алғаш рет Қазақстанның сырттан түсетін кірісі шығынынан асты

экономика