USD
USD
USD

Қазақстанда ұшақ апатынан көз жұмған әскерилерді жерлеу рәсімі өтті

Қайтыс болғандардың мәйітін жерлеу орнына жеткізу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің көлік құралдары жұмылдырылды.

Қазақстанда ұшақ апатынан көз жұмған әскерилерді жерлеу рәсімі өтті
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Алматы облысында Ан-26 әскери ұшағының апатқа ұшырауынан қайтыс болған әскерилер жер қойнына тапсырылды. Дүйсенбі, 15 наурыз күні Боралдай кентінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің авиация қызметінің қаза тапқан әскери қызметшілеріне әскери құрмет көрсету рәсімі өтті. Баспасөз қызметі ҰҚК басшылығы шараға қатысқанын хабарлады.

«Қаза тапқандарды жерлеу орнына жеткізу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жердегі және әуедегі көлік құралдары жұмылдырылды. ҰҚК көз жұмған және зардап шеккен әскерилердің туыстары мен жақындарына қажетті көмек пен қолдау көрсетіп жатыр», – деп жазылған комитет сайтында.  

Қызметтік міндетін орындау кезінде көз жұмған әскерилерді еске алу үшін ҰҚК орталық аппаратының ғимаратындағы ведомстволық ту төмен түсірілді. Сағат 17:22-де ұлттық қауіпсіздік органдарында бір минут үнсіздік жарияланды.

Қазір ведомствоаралық жұмыс комиссиясы құрылып, әуе апатының мән-жайын анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер