USD
USD
USD

Қазақстанда ұн бағасы өседі

Биыл әлемдік астық бағасы 20%-ке қымбаттады. Әсіресе, соңғы бес айдағы өсім қарқынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстанда ұн бағасы өседі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Биыл әлемде 758 млн тонна астық игерілді. Бұл өткен маусымдағы болжамнан 1,1%-ке артық. Ал елімізде 3 млн тоннадан аса ұн өндірілген. Қалыпты мөлшерден едәуір аз. Экспорт үлесі де 5-10%-ке төмендеді. Оған өнімді сыртқа шығаруға уақытша тыйым салу себеп болды. Дегенмен, ішкі нарық ұнсыз қалған жоқ. Оның үстіне келесі жылы-ақ шығынды өтеп алуға мүмкіндік бар. Бұл туралы Қазақстан астық өңдеушілері одағының президенті Евгений Ган айтты. Өйткені алдағы қаңтарда Қытай нарығы еліміз үшін қайта ашылуы ықтимал. Алайда ұнның бағасы арзандамайды. Салдарынан өзге де азық-түліктер құны аспандауы мүмкін дейді сарапшы. Сондықтан бағаны уақытша болсын ұстап тұруға ұзақмерзімді шаралар қабылдау қажет.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы