USD
USD
USD

Қазақстанда «Ұлттық басылым күні» енгізіледі

Мерзімді басылымдар - аталы сөздің мәйегі. Газет-журналдар ақпарат кеңістігінде маңызды тарихи рөлін жоғалтқан жоқ.

Қазақстанда «Ұлттық басылым күні» енгізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Белгілі ұлт зиялыларының 1913 жылғы 2 ақпанда «Қазақ» газетін шығаруы отандық кәсіби журналистиканың ізашары болды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының бастауында тұрған «Қазақ» газетінің алғашқы саны шыққан күнін тарихи маңызды датаға айналдырудың маңызы зор. 

Осыған орай Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен 2 ақпанды «Ұлттық басылым күні» ретінде белгілеу бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Аталған күнді ресми белгілеу үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. 

Қоғамдық талқылау үшін қаулы жобасы нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылды. 

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама