Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстанда үй алу кезегінде 562 мың адам тұр

Бүгінгі таңда 562 мың азамат үй алу кезегінде тұр. Оның ішінде 185 мың адам - отбасының әрбір мүшесіне шаққанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен санатқа жатады,

Қазақстанда үй алу кезегінде 562 мың адам тұр
Фото: NEGE.kz

деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Олар негізінен - көп балалы отбасылар, жетім балалар, мүгедек балалары бар отбасылар және халықтың басқа да әлеуметтік аз қорғалған топтары. Оларға арнап жалға берілетін баспана құрылысына жеке инвестицияларды тарта отырып, жеке тұрғын үй қорынан жалдау ақысын субсидиялау тетігі енгізіліп жатыр.

Жалдау ақысы Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары үшін – 31 айлық есептік көрсеткіш (90 427 теңге), өзге өңірлер үшін - 21 айлық есептік көрсеткіш (61 257 теңге) және ауылдық жерлер үшін - 15 айлық есептік көрсеткіш (43 755 теңге) мөлшерінде мемлекеттік қаражат есебінен субсидияланады.

Кезекте тұрған қалған 377 мың адам - отбасының әрбір мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары табыс табады. Оларға мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекеме қызметкерлері, толық емес отбасылар жатады (жыл сайын 32 мың адамға артып келеді). "Отбасы банк" арқылы ол азаматтарға кредиттік тұрғын үй және жеңілдетілген несие беріледі.

Осы мақсатпен "Отбасы банкі" базасында "Алғашқы тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" құрылды. Орталық кезекте тұрған азаматтармен жұмыс жүргізеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА