USD
USD
USD

Қазақстанда Түркияның ANKA пилотсыз аппараттары шығарылады

Түркиядағы Türk Havacılık ve Uzay Sanayi AŞ компаниясы ANKA соққы жасауға арналған пилотсыз аппараттарының келешекте Қазақстанда өндірілетінін мәлімдеді.

Қазақстанда Түркияның ANKA пилотсыз аппараттары шығарылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Компаниядағылар өткен жылы Қазақстанмен пилотсыз аппараттарды жеткізу туралы келісімнің жасалғанын еске салып өтті. 

Анкараға барған Қазақстан делегация іс-сапар аясында TUSAŞ пен Kazakhstan Engineering компаниялары жаңа келісімшартқа қол қойды. Келісімге сәйкес ANKA пилотсыз аппараттары елімізде өндіріледі. 

Пилотсыз аппараттарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары Қазақстандағы ортақ кәсіпорында жүргізіледі. Осылайша Қазақстан ANKA ұшқышсыз аппараттары өндірілетін алғашқы шетелдік мемлекет болмақ. 

TUSAŞ компаниясының бас директоры ANKA дрондарына шетелдік серіктестердің қызығушылық танытқанына қуанатынын жеткізді. 

"Жаңа келісімшарт бауырлас Қазақстанмен арадағы достық қарым-қатынастың әрі қарай нығаюына әсер етпек", –  деді Темел Котиль. 

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич