USD
USD
USD

Қазақстанда тұрғындар саны 10-ға жетпейтін 45 ауыл бар

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда тұрғындар саны 10-ға жетпейтін 45 ауыл бар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Ел бойынша барлығы 6 316 ауыл бар. Оның ішінде халық саны 50 адамнан кем – 348 ауыл (10,1 мың адам) және 10 адамнан кем – 45 ауыл (253 адам) бар. Оның ішінде 3 991 ауыл орталық сумен қамтылған, 403 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылған. Ауызсумен қамтылмаған 1 922 ауылдың 793-інде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелерін салу жұмыстарын жалғастыру жоспарланып отыр», - деді комитет басшысының орынбасары.

Оның мәліметі бойынша, тұрғын саны 200-ге жетпейтін ауылдарға кешенді блок-модульдер орнатылмақ.

«Қаражатты тиімді пайдалану үшін халық саны 200-ден кем 1 129 ұсақ ауылда кешенді блок-модульдер орнатылады. Кешенді блок-модульдердің бағасы, орнату және пайдалану жолдары жеңіл. Қажет болған жағдайда ауылдан ауылға тасымалдау мүмкіндігі бар. Биыл жергілікті атқарушы органдардың жедел ақпаратына сәйкес 368 ауылды қамту жоспарлануда. Оның ішінде 148 ауылда орталық сумен жабдықтау және 220 ауылда жергілікті бюджет қаражаты есебінен кешенді блок-модульдер орнату жоспарлануда», - деді Бейбіт Шаханов.

 

Қазір оқып жатыр

Ресейдегі дрон шабуылынан кейін Атырау – Самара құбыры арқылы мұнай тасымалы қайта жанданды

Мұнай құбыры

Польша Ресеймен шекарада диверсия қаупіне байланысты арнайы операция бастады

әскери адам

10-11 қарашада Абу-Дабиде АҚШ, Украина мен Ресей тараптары келіссөз жүргізеді

тулар

Отбасы банк «Ұмай» бағдарламасының екінші кезеңіне өтінім қабылдауды бастады

Отбасы банк