USD
USD
USD

Қазақстанда цемент импортына тыйым алынып тасталды

Қазақстанда цемент импортына тыйым алынып тасталды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімет таратты.

Қазақстанда цемент импортына тыйым алынып тасталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2021 жылғы 23 шілдеден бастап Қазақстанда үшінші елдерден цемент әкелуге салынған тыйым алынып тасталды. Осылайша, цементті клинкерлер, портландцемент, өзге де портландцемент, глиноземді цемент, гидравликалық цементтер (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2523100000, 2523290000, 2523300000, 2523900000) үшінші елдерден жеткізіле алады. Импортқа салынған тыйымды алып тастау батыс өңірлерде нарықты молықтырып, республика аумағында цемент өнімдерінің бағасы төмендейді, делінген ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарламасында.

Айта кетсек, отандық цемент өндірушілерді қолдау үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі үшінші елдерден цемент импортына тыйым салу туралы 2021 жылғы 30 сәуірдегі №216 бұйрық шығарған еді. Алайда, қоғамда цемент бағасының өсуіне және оның ішкі нарықтағы жетіспеушілігіне қатысты мәселелер пайда болды. Осыған орай министрлік сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына аталған тыйымды жою туралы бұйрық жобасын ұсынды.

Үшінші елдерден цемент әкелуге салынған тыйымды жою туралы бұйрық аккредиттелген ұйымдармен келісіліп, қоғамдық кеңестің оң қорытындысын алғанын айта кету керек.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт