USD
USD
USD

Қазақстанда трактор құрастырылатын болды

«KSW Agrotech» ЖШС қытайлық серіктесі – «Wan E» компаниясымен бірлесіп ауыл шаруашылығы техникасын құрастыруды қолға алмақ, деп хабарлайды Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазақстанда трактор құрастырылатын болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Павлодардағы «Инвесторлар үйінде» келісімшартқа қол қою рәсіміне Павлодар облысы әкімінің орынбасары Арыстан Қабыкенов қатысты. Трактор Павлодардың бұрынғы автобазасында құрастырылады. Таяуда кәсіпорынға Қытайдан құрастыру желісі жеткізіледі. Қуаттылығы 300 аттың күшіне тең келетін техниканың алғашқы легін 2020 жылдың күзгі жиын-терім жұмыстарына дейін көпшілікке таныстыру жоспарланған.

«Бұл жобаны үш кезеңге бөліп, жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Қазіргі базаның қолданыстағы инфрақұрылымын пайдалана отырып, жылына 3 000 трактор құрастыру қолға алынады. Жаңадан 50 жұмыс орны құрылады. Егер бәрі жоспар бойынша жүретін болса, 2021 жылы «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының аумағынан әлдеқайда үлкен кәсіпорын салуды бастаймыз. Тиісінше, 150 жұмыс орны ашылатын болады. Бұл кәсіпорынның қуаттылығы жылына 30 мың техника құрастыруға дейін жетпек. Болашақта аталған өндірісті Павлодар облысында біржола дамытып, металл бұйымдары мен ауыл шаруашылығы техникаларына арналған бөлшектерді шығармақпыз», – дейді «KSW Agrotech» ЖШС бас директоры Рүстем Ибрагимов.

 

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары