USD
USD
USD

Қазақстанда төлқұжат цифрландырылды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 9 қараша күні цифрлық паспорт eGov Mobile мобильді қосымшасында қол жетімді болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанда төлқұжат цифрландырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ​Министрдің айтуынша, әзірге цифрлық паспортты жеке басын сәйкестендіру үшін Қазақстан аумағында ғана пайдалануға болады.

Оның сөзінше, мұндай қажеттілік, мысалы, куәлік жоғалған немесе оның жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда туындауы мүмкін.

Бүгінде паспорттан басқа ең көп сұранысқа ие 18 құжат цифрлық форматқа көшірілді – бұл жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, ПТР-тесттер, туу және неке туралы куәлік және т. б.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев