USD
USD
USD

Қазақстанда төлқұжат алу үшін мемлекеттік баж ставкасы өзгереді

Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа мемлекеттік баж бойынша төлқұжаттар мен жеке куәліктер қашан берілетінін мәлімдеді.

Қазақстанда төлқұжат алу үшін мемлекеттік баж ставкасы өзгереді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" №213-VII 2023 жылғы 20 наурыздағы  Қазақстан Республикасының Заңымен заңдық маңызы бар іс-әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік баждың кейбір ставкаларын қайта қарау бөлігінде салық заңнамасына өзгерістер көзделген, - делінген хабарламада.

Қазақстанда 16 жасқа дейінгі балаларға паспорт бергені үшін ставкалар 8-ден 4 АЕК-ке (13 800 теңге) дейін төмендетілді.

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (16 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бергені үшін мөлшерлемелер белгіленді:

  • 36 бет  – 8 АЕК (27 600 теңге);
  • 48 бет – 12 АЕК (41 400 тенге).

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін бергені үшін оны бір жыл ішінде екі реттен артық жоғалтуына байланысты айыппұл 1 АЕК (3 450 теңге) мөлшерінде белгіленеді.

Бұл өзгерістер 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазір оқып жатыр

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи