USD
USD
USD

Қазақстанда теміржол билеттерінің бағасы қымбаттайды

Қазақстанда 1 наурыздан бастап теміржол билеттерінің бағасы қымбаттайды, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

Қазақстанда теміржол билеттерінің бағасы қымбаттайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттарға сәйкес 2021 жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билеттерінің құны 7% артады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларды тасымалдау сапасын жақсартуға, оның ішінде жылжымалы құрам паркін жаңартуға және қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізуге бағытталған шараларды жүргізіп жатқандығын еске саламыз.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2018 жылдан 2020 жылға дейін 159 вагон сатып алды. Аталмыш вагондар мына бағыттар бойынша қатынайтын жолаушылар пойыздарының құрамында бар. Олар: Алматы – Маңғыстау, Нұр-Сұлтан – Сарыағаш, Атырау – Нұр-Сұлтан, Атырау – Алматы, Нұр-Сұлтан – Арқалық, Атырау – Маңғыстау, Алматы – Жезқазған және Нұр-Сұлтан – Семей», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар биылғы жылдың 1 тоқсанында 50 жаңа вагон жеткізіледі деп күтілуде. Бұл вагондар мына бағыттар бойынша қатынайды деп жоспарлануда: Алматы –Маңғыстау, Қызылорда – Семей, Алматы – Өскемен және Нұр-Сұлтан – Семей.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Арай Есенбек

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

.

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

әділет партия

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров