USD
USD
USD

Қазақстанда такси бағасы қымбаттап кетті

Қазақстанда такси бағасы күрт өсті, - деп хабарлайды Finprom.kz сайты. 

Қазақстанда такси бағасы қымбаттап кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, такси қызметі бизнесінің кірісі 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы айтарлықтай өскен. Ал 2023 жылдың қаңтар-қазан кезеңінде 4,7 миллирад теңге болған. Бұл былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,7 пайызға артық.

Жолаушыларды тасымалдаудан түскен кірістердің ұлғаюы елдегі жолаушылар тасымалының барлық кірісінің 2,7 пайызын құрады. Бір жыл ішінде такси қызметі 11,3 пайызға қымбаттаған. Салыстыру үшін: былтыр баға 9,7 пайызға өскен.

Такси тарифтері Алматыда көбірек өскен – 40,5 пайызға. Келесі одан төменірек Ақтөбе (22,1 пайыз) және Абай (13,3 пайыз) облыстары тұр. Жалпы, бағаның өсуі Қазақстанның 20 аймағының 18-іне әсер еткені айтылды.

Батыс Қазақстан облысы мен Астанада такси ақысы 1,8 пайызға ғана өскен.

Қарағанды ​​облысында баға жыл бойы өзгермеген, ал Шығыс Қазақстан облысында тіпті 6 пайызға төмендеген.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай