USD
USD
USD

Қазақстанда сұйытылған газ қымбаттауы мүмкін

Сұйытылған газдың көтерме бағасы екі теңгеге қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.

Қазақстанда сұйытылған газ қымбаттауы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Алдағы 180 күнде баға қымбаттауы мүмкін, бірақ 20 пайыздан аспайды. Егер қазіргі баға тоннасына 28 мың теңгеге белгіленсе, онда ол 36 мың теңге болады. Көтерме баға литріне 17 теңгеден 19 теңгеге дейін көтеріледі. Яғни, литріне екі теңге ғана. Жанармай құю бекеттерінің бағасы бақылауда болады", - деді Энергетика министрі Мәжілістегі журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Сонымен қатар, Ақшолақов Үкімет Қазақстанның ішкі нарығында сатылатын сұйытылған мұнай газының айналымын бақылауға ниетті екенін еске салды.

"Біздің есепке сенсек, сұйытылған газ литріне екі теңгеге қымбаттайды. Менің ойымша, бұл үлкен айырма емес. Біз бұл жағдайды жарты жыл бойы бақылауға аламыз, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Ұлттық экономика министрлігі, біздің министрлік, барлық тікелей органдар негізсіз қымбаттауды бақылауға алатын болады", - деп түсіндірді Болат Ақшолақов.

Қазір оқып жатыр

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер