USD
USD
USD

Қазақстанда спорттық шаралар тоқтаған жоқ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі елімізде бұқаралық спорттық шаралардың мүлде тоқтатылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

Қазақстанда спорттық шаралар тоқтаған жоқ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мәдениет және спорт министрлігі ешқандай бұқаралық спорттық шараны кейінге қалдырған жоқ. Қазақстанда бұқаралық спорттық шаралар өтпейтіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Мұндай шешімді ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия қабылдайды. Комиссияға коронавирус инфекциясы кең тараған елдерге спортшыларды жібермеу туралы ұсыныс берілген еді», – деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Министрлік сонымен қатар Қазақстан аумағында өтетін бұқаралық спорт шаралары туралы ешқандай шешім қабылдамағанын хабарлады.

Айта кетсек, бұған дейін Мәдениет және спорт министрлігі бұқаралық спорттық шараларды өткізбей, тоқтатып жатыр деген ақпарат тараған.

Қазір оқып жатыр

Мәслихат сайлауында сайлаушылардың 58,55 пайызы дауыс берді

Сайлау

Сайлаушылардың 45 пайыздан астамы мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс берді

Сайлау

Тоқаев мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді

Тоқаев

Бейнеу ауданының ең жас мектеп директоры сайлауда дауыс берді

Балуанияз Демеуов