USD
USD
USD

Қазақстанда спортты дамытудың жаңа бағдарламасы қабылданады

Қазақстанда бұқаралық және кәсіби спортты дамытудың жаңа жоспары қабылданады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда спортты дамытудың жаңа бағдарламасы қабылданады
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. «Спорт секцияларынан бастап олимпиадалық резервті қалыптастыруға дейінгі барлық деңгейдегі спортшыларды даярлау жүйесінде кешенді үлкен өзгерістер қажет. Бүгінгі таңда біздің алдымызда үлкен міндет тұр. Ол дегеніміз инфрақұрылымды дамыту, жарыстар мен дайындық жиындарының күнтізбесін жүйелеу, кәсіби және бұқаралық спортты қаржыландыруда теңгерім орнату. Сонымен қатар барлық деңгейдегі спорт мектептерін жасақтауды, төрешілерді, жаттықтырушыларды, спорт дәрігерлерін және тағы басқаларды қоса алғанда, спортты дамытудың бағдарламалық пайымын қалыптастыру. Осы орайда спортты дамыту бағдарламасын әзірлеп, Президентпен келісіп, оны іске асыруға кірісеміз. Оған қоса спортшыларды келесі «Париж-2024» және «Милан-2026» олимпиада ойындарына дайындаудың екі қосалқы бағдарламасы бар», - деді Дәурен Абаев.

Сондай-ақ, министр спортты дамыту шарасына тікелей өзі жауап беретінін айтты.

«Министрлік оларды іске асыру үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын. Спортты дамытудың бағдарламалық көзқарасын дайындаудағы алғашқы қадам - спортшыларды даярлаудың бүкіл жүйесінің жай-күйін тәуелсіз кешенді тексеру болуға тиіс. Жауапты вице-министрден оны ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар дайындауды сұраймын», - дейді ол.

Айта кетсек, Щучинскіде Бейжіңде өткен XXIV қысқы олимпиада ойындарының қорытындысына арналған кеңейтілген отырыс өтіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда электр самокаттарының тротуарлармен жүруіне тыйым салынады

Электр самокаттар

Ресей Қазақстаннан бензин жеткізу жөнінде келіссөз жүргізуде

бекет

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.