USD
USD
USD

Қазақстанда шипайжайда ерлерге қарағанда әйелдер көбірек демалады

Қазақстанда шипайжайда ерлерге қарағанда әйелдер көбірек демалады, деп хабарлайды Zakon.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Қазақстанда шипайжайда ерлерге қарағанда әйелдер көбірек демалады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2022 жылдың соңында ел аумағында 172 санаторлы-курорттық ұйым болды, оның ішінде 109 –санаторий, 27 – оңалту орталығы, 9 –профилакторий, 7 – мамандандырылған және басқа да санаторийлер.

Сауықтыру ұйымдарының басым бөлігі жеке бизнеске тиесілі – 127, мемлекетке – 42, шетелдік меншікте – 3.

Шипажайлардың 66-сы қала аумағында болса, 106-сы ауылды жерде орналасқан. Курорттық ұйымдардың саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Онда 72 ұйым жұмыс істейді.

Одан әрі Ақмола облысы – 13, Алматы қаласы мен Қызылорда облысында – әрқайсында 11 демалыс орнынан.

Былтыр шипажайларда 380 мың адам сауықса, оның 60%-ы – әйелдер.

Қазір оқып жатыр

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы атыс: полиция мән-жайды түсіндірді

Полиция

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК