USD
USD
USD

Қазақстанда шенеуніктер мен күштік құрылым қызметкерлеріне казиноға кіруге тыйым салынады

Елімізде шенеуніктер мен күштік құрылым қызметкерлеріне ойынханаларға кіруге тыйым салынуы мүмкін.

Қазақстанда шенеуніктер мен күштік құрылым қызметкерлеріне казиноға кіруге тыйым салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Қазақстан Республикасы президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" қаулы жобасында келесі жарлықтарды өзгерту жоспарланған:

 – "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы";

– "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы";

– "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексін бекіту туралы".

Оның ішінде әскери қызметкерлерге заңнамада белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтау,  оның ішінде "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемесіне барудан бас тарту міндеттеледі. Дегенмен қызмет бабына сәйкес казиноға кіре алады. 

Құжат 28 тамызға дейін қоғам талқысында болады. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты