USD
USD
USD

Қазақстанда салық төлеуден жалтарған түркиялық сотталды

164 млн теңгеден астам сома салық төлеуден жалтарғаны үшін Түркия азаматы сотталды.

Қазақстанда салық төлеуден жалтарған түркиялық сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысы мен құрылтайшысы Түркия азаматы «BESHEL CONSTRUCTION» ЖШС салық төлеуден жалтару фактісі бойынша қылмыстық іске тергеу жүргізді.

Салық тексерісінің нәтижесі бойынша 2015-тен 2018 жыл аралығында кәсіпорынға 164 млн астам сома көлеміндегі төленбеген салық есептелгені анықталды. Нұр-Сұлтан қ. Есіл ауданы №2 сотының өкімімен Түркия азаматы ҚР ҚК 245-б. 2-б. 1-т. қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыпты болып танылып, оған 2 жылға ұйымдарда басқарушылық лауазымдарды иелену құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ, негізгі жазаны өтегеннен кейін ол 5 жылға Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салумен ҚР-нан шығарылады.

Қазір оқып жатыр

БҚО-да тазалық талаптарын бұзғандарға қатысты 7 мыңға жуық әкімшілік іс тіркелді

БҚО "Таза Қазақстан"

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов