Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстанда сабаннан қағаз шығаратын фабрика салынып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысының орталығында қағаз шығаратын фабрика салынып жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов айтты.

Қазақстанда сабаннан қағаз шығаратын фабрика салынып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Облыс орталығында қағаз шығаратын фабриканың құрылысы басталды. Жылына 5 мың тонна өнім шығарады. Ол қазір сырттан әкелінеді. Статистика бойынша, 2020 жылы біз 8,3 мың тонна қағаз өнімдерін импорттадық. Жаңа жоба импортқа тәуелділікті азайтуы керек», - деді әкім орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз конференциясында.

Аймақ басшысы өңірде экологиялық өндіріске басымдық берілетінін атады.

«Жалпы, кешенді жоспар аясында өнеркәсіп саласындағы 10 жаңа кәсіпорын пайда болады. Сонымен қатар, біз экологиялық таза өндіріске бет бұрдық. Өңірде инвесторлар сабаннан қағаз өнімдерін жасайтын тағы бір зауыт салуды жоспарлап отыр. Өйткені, әлем полиэтиленнен біртіндеп бас тартып, табиғатқа зиян келтірмейтін экологиялық таза құрағыштардан қағаз шығаруға көшіп жатыр», - деді облыс әкімі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев