USD
USD
USD

Қазақстанда рейстер кешіккен жағдайда жолаушыларға төленетін өтемақы өсуі мүмкін

Рейс кешіккені үшін қазақстандық жолаушыларға төленетін өтемақы мөлшері өсуі мүмкін. Бұл туралы ресми сауалға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі берген жауапта айтылған - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Қазақстанда рейстер кешіккен жағдайда жолаушыларға төленетін өтемақы өсуі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Қазіргі уақытта рейс кешіктірілген жағдайда әуекомпаниялар жауапкершілігін күшейту мақсатында қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу қарастырылып жатыр. Осы жұмыс аясында рейс кешіктірілген жағдайда жолаушыларға төленетін айыппұл көлемін ұлғайту мәселесі қарастырылып жатыр", - деді министрлік өкілдері.

Ведомство азаматтардың құқығын сақтамағаны үшін Air Astana әуекомпаниясына төрт рет айыппұл салғанын түсіндіріп, тергеу әлі жалғасып жатқанын, жаңа заңбұзушылықтар анықталса, тасымалдаушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті жауапкершілікке тартылатынын айтты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ипотеканың шекті мөлшері өзгереді

ипотека

Президент Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы жарлыққа қол қойды

Халық Кеңесі

Қазақстанның сыртқы қарызы 182,8 млрд долларға жетті

Сыртқы қарыз

Францияда Temu және басқа маркетплейстердегі тауарларға қосымша салық енгізілді

Temu